- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог артық салмақтан...
Диетолог артық салмақтан арылуға көмектесетін өсімдік түрін атады
Диетолог Татьяна Залетованың айтуынша, жалбыз артық салмақтан арылуға көмектеседі. Өйткені одан кейін адам тағамды аз тұтынады, - деп хабарлайды Sputnik радиосы.
Оның сөзінше, көптеген адамда артық салмақтың негізгі себебі - тамақтанған кезде эмоция алу, бұл артық тамақтануға әкеп соғады.
"Тамақ - ләззат алудың ең оңай әрі қолжетімді көзі. Бірақ тамақтанудан аз мөлшерде ләззат алу жолы бар. Ол үшін тамаққа немесе сусынға жалбыз қосу жеткілікті", - деді Залетова.
Тамақтан ләззат алу сезімі денеде бақыт гормондарының бірі - эндорфин бөлінуіне байланысты пайда болады. Маман жалбыздың құрамында осы гормонның шығарылуына ықпал ететін зат барын айтады.
Ж. Қадыржанова"Жалбызың құрамында эфир майы, ал оның ішінде ментол бар. Ментолдың бір қасиеті эндорфиннің түзілуі мен бөлінуін жүзеге асырады. Бұл гормон көңіл-күйімізді реттеуде маңызды роль атқарады, оның ішінде аштық сезімі үшін "жауап береді". Тиісінше, жалбыз жегенде, ми реакция береді. Біз қандай да бір қуанышты немесе жағымды оқиға болғандай әсер аламыз. Бұл көп тамақ ішкеннен алатын рахаттану сезімін алмастыра алады", - деп түсіндірді Татьяна Залетова.