- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог 50 жастан...
Диетолог 50 жастан асқандарға пайдалы көкөністерді атады
Диетолог Молли Хембри 50 жастан асқан адамдардың күнделікті ас мәзірінде брокколи, шпинат, қырыққабат және роман салаттары болуы керек деп санайды, - деп хабарлайды Gazeta.
Диетологтың айтуынша, бұл көкөністерді жеу жас келген сайын пайда болатын созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Ол ас мәзірінде алдымен шпинат болуы керек деп кеңес берді.
"Шпинатта А дәрумені, лютеин және зеаксантин бар. Бұлар көру қабілетіне жақсы әсер етеді. Шпинатты күнделікті қолдану арқылы жасқа байланысты көз ауруларының алдын алуға болады", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, ол сүйектерді нығайту үшін қырыққабат көбірек жеуге кеңес берді, өйткені оның құрамында кальций мен D витамині көп.
Дәрігердің айтуынша, романо салатында А дәрумені мен калий көп және калориясы аз.
"Бір кесе роман салатында 10-нан аз калория бар. Бұл салмақты сақтау үшін жақсы, өйткені 50 жастан кейін артық салмақтан құтылу қиын", - деп түсіндірді ол.
Ал буын ауруларымен ауыратын адамдар брокколи көп пайдалану керек деді.
Брокколи құрамында шеміршектің ыдырауын болдырмайтын, буындарды қорғайтын глюкозинолат бар.
Г. Досымшалова