- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Диагнозды естігенде өмірге...
"Диагнозды естігенде өмірге құлшынысым жоғалды". Темір контейнерде тұратын ерлі-зайыпты көмекке мұқтаж
Алматы облысында тұратын Мұхаммедали Махаббат Аманғазиева дертке шалдыққанын айтып, "Қыздар-ай" бағдарламасынан көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үш қыздың әкесі қант диабетіне, анасы жемсау дертіне шалдығып, бүйрегіне тас жиналған.
"Үш жыл бұрын ауырып, ауруханаға барған едім. Бірақ олар тек алғашқы көмекті берді де, дәрігерлік тіркеуде болмағасын әрі қарай көмек бере алмады. Ем бермейді. Медициналық сақтандыру төлемегесін осылай жасап отыр. Оны төлеуге жағдайым жоқ. Үш қызымыз бар. Ең үлкені 4-сыныпта оқиды. Бізде ешқандай табыс көзі жоқ. Маған диагноз қойғанда, бірден өзімді тастап жібердім", - деді Мұхаммедали
Бағдарлама соңында дәрігер мамандар ерлі-зайыптыларды тегін қарап, кәсіпкерлер көмек көрсететінін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы