Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сырқаттанып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!", - деп жазды төменгі палата депутаты.
Айта кетейік, Ермұрат Бапи - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің VIII шақырылымның депутаты. Ол оған дейін "ДАТ – Общественная позиция" газеті бас редактордың кеңесшісі, бас редакторы болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!