Дүкенге барып, өзіне терлеуге қарсы күтім құралын таңдаған көпшілік адам дезодорант пен антиперспирантты бірдей нәрсе деп ойлайды. Алайда олар екі түрлі құрал және олардың қолданылу мақсаттары да әртүрлі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл екі құрал екі түрлі әсерге ие. Дезодоранттардың басты қасиеті - жағымсыз иісті кетіру. Сондықтан бұл құралдың құрамына хош иістендіргіштер кіреді. Оның құрамында одан бөлек бактериялардың көбеюін тоқтататын антибактериалды заттар бар: триклозан және хлоргекседин зиянды бактериялардың көбеюін де, терінің қалыпты микрофлорасының да өсуіне әсер етеді. Сондықтан ол тері сезімталдығы мен оның қорғанышына әсер етуі мүмкін. Ендеше, дезодорант тер бөлінуді баспайды, тек микроағзалардың санын азайтуға көмектеседі, яғни тер иісін азайтады.
Ал антиперспиранттың дезодоранттан айырмашылығы - оның тер бездерінің жұмысын бұғаттауы, яғни ол тер бөлінуді айтарлықтай азайтады. Антиперспиранттардағы әсер етуші заттың рөлін алюминий тұзы атқарады.
Дезодорантты күніне бірнеше рет қолдануды ұсынса, антиперспирантты таза және құрғақ теріге күніне бір-ақ рет қолдану керек. Себебі көп мөлшердегі алюминий тұзы зиян болуы мүмкін.
Алайда құрамында антиперспирант бар дезодоранттар да бар. Бұл жағдайда ол теріге екі әсер береді: тер бездерін бұғаттау және теріні хош иістендіру.
Дезодоранттар мен антиперспиранттарды қолдану кезінде сақтау керек ортақ ережелер
Спортпен айналысатын адамдарға дезодорант қолдану ұсынылады, себебі олар тер бөліну процесіне әсер етпейді. Ал жаттығулар мен антиперспирант - бір-бірімен үйлеспейтін нәрселер. Себебі антиперспирант тер бөлінуді бұғаттайды, ал ол ағзаны белсенді физикалық жүктеме кезінде қыздырып жібереді және уыттардың табиғи түрде шығуын бұзады.
Жаттығу алдында міндетті түрде душқа түсіп алған жөн. Сол кезде ол жиналып үлгерген терді жуып шаяды және бактериялар мөлшерін азайтады. Дезодорантты құрғақ және таза теріге жағу керек. Жаттығудан кейін де душқа түсу керек.
Мұндай құралдарды қырынғаннан кейін бірден қолдануға болмайды.
Антиперспирант таза, құрғақ теріге және қажет әсерді алуға 7 сағат қалғанда жағады. Мысалы, ұйықтар алдында жағып қойыңыз. Бұл ережені сақтамасаңыз, қажетті әсер болмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!