Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының Пәкістанға қарсы ойынға қатысатын спортшылары белгілі болды

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы 1-2 ақпан аралығында өтетін Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобы аясында Пәкістанға қарсы матч өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы келесі құрамды таңдады:

  • Александр Шевченко;
  • Тимофей Скатов;
  • Дмитрий Попко;
  • Бейбіт Жұқаев;
  • Денис Евсеев.

Ойындар Астанадағы Beeline Arena жабық хард кортында өтеді.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады және үш сеттік форматтан тұрады.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық теннисші Александр Шевченко Australian Open 2025 турнирінің жекелей сынындағы өнерін аяқтағанын жазған едік.

Ол испаниялық теннисші, әлемнің үшінші ракеткасы Карлос Алькараспен шеберлік байқасты. Қазақстандық спортшы қарсыласынан 1:6, 5:7, 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!