- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Девальвация кесірінен ақша...
Девальвация кесірінен ақша жоғалтқандардың шығыны өтеледі
Өткен айда елімізде девальвация болғаны белгілі. Банктерде депозиттері бар халық шығынға батқанын айтып алаңдағаны да есімізде. Осыған орай, Ұлттық банк екінші дәрежелі банктермен бірігіп курстың күрт өзгеруінен шығынға батқан тұрғындарға көмектеспек.
Егер еліміздегі кез келген банкте ("Казпошта" да кіреді) 2015 жылдың 18 тамызына дейін депозитіңіз бар болған болса, курс өзгеруінен болған шығынның орнын толтыруыңызға болады.
Ол үшін депозит ашқан банкке барып арнайы шот аштырасыз. Сол шотта ақшаңыз бір жылдан астам уақыт жатуы керек. 2016 жылдың 10 қазанында сіздің шығыныңыз өтеледі.
Айта кетелік, курс айырмасы 2016 жылғы 30 қыркүйектегі теңгенің долларға шаққандағы курсымен есептеледі.
Сіздің шотыңызға аударылатын ақшаны мына формуламен есептеп алуыңызға болады:
Ck=(T2/T1 – 1)*C
Ск- компенсация сомасы;
Т2 - 2016 жылдың 30 қыркүйектегі теңгенің долларға шаққандағы курсы;
Т1 - 2015 жылдың 30 тамызындағы теңгенің долларға шаққандағы курсы;
С - депозиттегі ақшаңыз;
Айта кетелік, компенсацияны алу үшін арнайы депозитті 2015 жылдың 1 қазанына дейін аштыруыңыз керек.
Толық ақпаратты Ұлттық банктің сайтынан алуыңызға болады.
М. Бисембаева