Деструктив діни ағымды ұстанатын үш тұрғын мешітте намаз оқуға кедергі жасаған. Олар кінәлі деп танылып, айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция деструктив діни ағымды ұстанатын үш тұрғынның мешіт қызметкеріне бағынбай, діни қызметке кедергі жасағанын анықтады.
"Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабының 2-бөлігі "Заңды діни қызметке кедергі келтіру" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды", - делінген хабарламада.
Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңге айыппұл салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!