- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дерьмо вокруг нас":...
"Дерьмо вокруг нас": Оқу-ағарту министрлігі сабақ кестесіндегі даулы жайтқа жауап берді
Журналист Диана Идрис әлеуметтік желіде Kundelik.kz электрон журналынан түсірілген сабақ кестесін жариялаған еді. Кадрда "Дерьмо вокруг нас" деген атау да көрінеді. Бұл мәселеге қатысты Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, бұл жағдай шындыққа сай келмейді.
"Оқу-ағарту министрлігі скринде көрсетілген пәннің атауы туралы ақпаратты растамайды. Ақпарат шындыққа сай келмейді. Сабақ кестесіндегі пәндердің атауы пәндер анықтамалығынан алынады, оған өздігінен енгізу мүмкін емес және жүйеде мұндай өзгерістер алып тасталады. Бұл скриншот жалған", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Kundelik.kz электрон журналынан түсірілген кадр қызу талқыға түсіп жатқаны хабарланған еді.
Бұл туралы журналист Диана Идрис әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрда цифрлық сауат, жаратылыстану ғылымдары, т.б. пәндермен қатар, "Дерьмо вокруг нас" деген тақырып та тұр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова