- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дерматолог резеңке етік...
Дерматолог резеңке етік киюдің қаупі туралы айтты
Ұзақ уақыт бойы резеңке етік киіп жүру қауіпті ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы дерматолог Светлана Петрова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Известияға сілтеме жасап.
Сарапшының айтуынша, ауа айналымының болмауына байланысты резеңке етік әдетте жоғары ылғалдылыққа ие. Ылғал ауа саңырауқұлақ пен бактериялардың көбеюіне әсер етіп, ол инфекцияның дамуына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, резеңке етік көбінесе аяқтың тірегі мен жастықшасын шектейді. Аяққа түсетін салмақ пен жүктеменің дұрыс бөлінбеуі аяқтың ауырсынуы, буындардың қабыну ауруы (артрит) және басқа ортопедиялық мәселелерге әкелу ықтималдылығын жоғарылады.
Светлана Петрова резеңке етік киген кезде аяқ тоңбас үшін қалың шұлық киюді ұсынды. Бірақ етік аяғыңызды қыспас үшін өлшемін дұрыс таңдау маңызды. Сондай-ақ, астары жылы немесе арнайы табаны бар аяқ киім таңдауға болады.
Дерматолог резеңке етікті басқа таңдау болмай, амал жоқ кезде ғана киюге кеңес берді.
Айта кетейік, бұған дейін аяқ сіңірі тартылуының 12 себебі хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда ұжымдастыру науқаны қалай жүргізілді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә