Дерматолог қыста неге баста қайызғақ пайда болатынын түсіндірді

Дерматолог қыста неге баста қайызғақ пайда болатынын түсіндірді
Фото: Freepik.com

Қыста неліктен шашта қайызғақ көбейеді немесе пайда болады? Бұл сұраққа дерматолог Кермен Болдырева жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.mail.ru-ға" сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, науқастар көбіне бас терісі жағдайының өзгеруіне, қайызғақ пайда болып, қышуына шағымданады.

"Негізгі себептің бірі сырттағы және іштегі ауа температурасының өзгеруі, екі түрлі болуы мүмкін. Мұндай кезде бас терісінің температураның күрт өзгеруіне бейімделуге уақыты жоқ. Егер ауа температурасы бір-бірімен қатты айырмашылығы болмаса, шаш қоршаған ортаның өзгеруіне бейімделе алады. Ал сыртта -25 градус, ғимарат ішінде +21 градус температурада физиологиялық процес бейімделіп үлгермейді", - деп түсіндірді маман. 

Салдарынан бас терісі аз тамақтанып, құрғап, қабыршақтана бастайды.

Егер суық мезгілде осы белгілердің бірін байқасаңыз, ауыр ауруға шалдығудың алдын алу үшін дерматовенеролог немесе трихологқа бару керек.

Мысалы: 

  • саңырауқұлақтардың көбеюі;
  • қан аурулары (анемия, дәрумен тапшылығы);
  • ас қорыту жүйесі аурулары;
  • эндокриндік жүйе аурулары;
  • дұрыс емес немесе сапасыз тамақтану;
  • тұқым қуалайтын бейімділік және басқалар.

Айта кетейік, бұған дейін қыста қайызғақтан арылудың 8 әдісі хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Кувад синдромы деген не?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә