- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дереу хабарлаңыздар": Бас...
"Дереу хабарлаңыздар": Бас прокуратура маңызды ескерту жасады
Фото:
©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Бас прокуратура қазақстандықтарға алаяқтық деректері туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, мессенджерлерде жалған парақшалар ашу, прокуратура органдарының қызметкерлерінің, тіпті басшылығының атынан алаяқтық белгілері бар қоңыраулар мен хабарламалар жіберу дерегі жиілеп кеткен.
"Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады. Осындай қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова