Бішкек соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың шетелде емделуіне рұқсат берді. Ол бүгін түрмеден шықты. Оны жақтастары мен журналистер күтіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
"Үш жарым жыл ішінде денсаулығым нашарлап кетті. (...) Социалистік интернационалдан шақыру келді. Испания премьер-министрі жеке шақырды. Ол мені босатуға өзі атсалысты. (...) Оған және Испания үкіметіне ризамын. Мен Испанияда емделуге міндеттімін. Социалистік интернационалдың бас хатшысы Луис Айала түрмеге өзі келді", - деді Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстанның экс-президенті емделіп болған соң еліне оралатынын айтты.
"Дереу емделуім керек. Емделуге ұшуымыз керек, бірақ мен ораламын. I'll be back ("Мен ораламын!") ", - деді ол.
Қырғызстанның социал-демократтар партиясының төрағасы Темірлан Сұлтанбековтің сөзінше, "бұрынғы президентке маңызды екі ота жасалуы керек, одан кейін емдеу-сауықтыру курсынан өтуге тиіс".
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!