- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Депутаттарымыз қайда?!" Динара...
"Депутаттарымыз қайда?!" Динара Сәтжан дабыл қақты
Журналист Динара Сәтжан туған жеріндегі апат туралы айтып, дабыл қақты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистің сөзінше, Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданында экологиялық апат басталған.
"Қыста аязда жылқылар қорек табамын деп, тұяқтары мұз астында қатып қалды. Екі жарым мың жылқыдай үсіп өліп жатыр. Жылқышыларға шұғыл көмек керек!!! Өйткені күн жылып қар еріген кезде мал өлексесі іріп-шіріп жаппай ауруға әкеледі! ТЖМ Жаңаарқаға шұғыл түрде бару керек.
Әйтпесе үлкен биологиялық апат күтілуде!!! Ұлытауға көмектесетін депутаттарымыз қайда?!", - дейді журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында жылқы қырылып жатқанын жазған болатынбыз. Павлодар облысының бірнеше ауданында жылқы жайылымнан қалды. Тебіндей алмай үйірдегі тай жабағылар құлап жатыр. Ал, жас байталдар құлын тастаған.
Әзірге шығынның нақты саны белгісіз. Тебін ашу үшін Екібастұз, Ақтоғай, Ертіс, Железинка аудандарының шаруалары арнайы техниканы жалға алып, қар ашу жұмыстарын ұйымдастыруға мәжбүр. Өңірде нақты қанша жылқы өлгені жайлы ақпарат жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина