Парламенттің бірлескен отырысында депутаттардың қарсылығына қарамастан Үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі мен Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Есепті талқылау кезінде Сенат депутаттары, Мәжілістегі Amanat, "Ауыл", Respublica партияларының фракциялары Үкімет есебін бекітуді қолдады. Алайда "Ақжол" және "Қазақстан халық партиясының" фракциялары есепті қабылдаудан бас тартатынын атап өтті.
Сондай-ақ Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясы дауыс беруден қалыс қалды.
Дауыс беру барысында Мәжілістің 14 депутаты Үкімет есебін қабылдаудан бас тартты.
"Сенаттан қатысып отырған 49 депутаттың 48-і есепті жақтаса, бір депутат қалыс қалды. Мәжілістен қатысып отырған 94 депутат. Жақтағандар – 43 депутат, қалыс қалғаны – 7, қарсы – 14. Көпшілік дауыспен шешім қабылданды", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!