Депутаттардың ашуына тиген Питер Фостер қызметінен кетеді

"Эйр Астана" АҚ директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылғы наурызда бас атқарушы директор және директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Питер Фостер компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесші ретінде өз қызметін жалғастырады. Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас атқарушы директор қызметіне тағайындалады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Питер Фостер компанияда 20 жыл бойы жұмыс істеген. 

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкімет сағатында Air Astana АҚ бас атқарушы директоры Питер Фостерге "шаңыраққа қараңыз" деп ескерту жасады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!