17 шілдеде Атырау және Ұлытау облыстарының жаңа әкімдерін тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай ақпарат Атырау және Ұлытау облыстары мәслихаттарының сайттарында жарияланды.
Атырау облысындағы депутаттардың отырысы 17 шілдеде сағат 9:30-да Атырау қаласында өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 8:00-де басталады.
Ал Ұлытау облысында облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының жиналысы сағат 11:00-де Жезқазған қаласында өтеді. Тіркеу 17 шілдеде сағат 10:00-де басталады.
Іс-шаралар мәслихат депутаттарының облыс әкімдерін тағайындауға келісім беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Облыс әкімі лауазымына үміткерлердің есімдері әзірге хабарланған жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!