Руслан Берденов енді Мәжіліс депутаты емес. Депутаттар Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Руслан Берденовке алғыс хат табыс етті.
"Барлық депутаттың атынан Руслан Арысбекұлына Мәжіліс қабырғасында белсенді жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін", - деді Қошанов.
Айта кетейік, жуырда Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды. Ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.
Бұған дейін ол Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған еді.
1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!