Депутаттар Михаил Бортниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Депутаттар Михаил Бортниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Фото: gov.kz

Мәжіліс депутаттары Михаил Бортниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі болып тағайындалған еді.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, Михаил Бортник 2022 жылғы 30 қарашада Мәжіліс қаулысымен Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) мүшесі қызметіне тағайындалған. Алайда 7 қараша 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бортник ОСК-ның мүшесі қызметіне бекітілді. Осыған байланысты депутат Савельева Михаил Бортникті ЖАП мүшесі қызметінен босату туралы ұсыныс жасады.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдап, Бортниктің ЖАП мүшесі ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешімге дауыс берді.

Айта кету керек, бұрынғы ЖАП мүшесі жаңа қызметке тағайындалғанына қарамастан, оны Парламент қабырғасында қызметінен босату міндетті рәсім болып саналады. Еске сала кетсек, 7 қарашада Президент Тоқаев ОСК-ның жаңа екі мүшесі ретінде Михаил Бортник пен Азамат Айманақұловты тағайындаған болатын. Сонымен қатар бұған дейін Сәбила Мустафина мен Константин Петров ОСК мүшелері қызметінен босатылған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет