Депутаттар Алматы облысының жаңа әкімін тағайындауға жиналады

Алматы облысында өңірдің жаңа әкімін тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттары жиналады. Жиын 4 қыркүйекте Қонаевта өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облыстық мәслихатының ресми хабарламасына сәйкес депутаттар жиналысы 4 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді.

Жиында депутаттар Алматы облысының әкімін тағайындауға келісім беруге тиіс.

Әзірге кандидаттың есімі ресми түрде жарияланған жоқ.

Айта кетейік, бүгінде Алматы облысын Марат Сұлтанғазиев басқарып отыр. Ол өңір әкімі лауазымына 2022 жылғы маусымда тағайындалған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!