Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің оқиғасынан кейін кінәлілердің бәрін жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат сауалын Бас прокурор Берік Асыловқа жолдады.
"21 желтоқсанда №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 49 жастағы Қуат Айтқалиев орталық алаңда жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде жоғары биіктен құлап, ауыр жарақат алған. Қазір жағдайы өте ауыр", - деді ол.
Жұлдыз Сүлейменова "Педагог мәртебесі туралы" заң бойынша мұғалімдер артық міндеттерден қорғалуы қажет екенін еске салып, бұл жағдай заңды өрескел бұзып тұрғанын айтты.
Депутат мұғалімдерді заңсыз жұмысқа тарту шешімін қабылдаған және "Педагог мәртебесі туралы" заңды бұзған тұлғаларды анықтап, қатаң жауапкершілікке тартуды сұрады.
"Бүгінгі таңда мектеп директорлары мен білім бөлімінің басшылары ғана жауапкершілікке тартылған, бұл әділетсіз және қисынсыз деп санаймыз. Сондықтан осы шешімді берген барлық тұлға анықталып, жауапкершілікке тартылсын", - деді ол.
Жұлдыз Сүлейменова тағы бірнеше ұсыныс жасады:
21 желтоқсанда Семей қаласында Қуат Айтқалиев есімді мұғалім биіктен құлаған. Бұл жағдай туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Шенеунік бұл әрекетті "заңбұзушылық" деп атап, жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.
Кейінірек Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мұғалім жансақтау бөлімінде емес, палатада жатқанын, жағдайы тұрақты екенін айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!