Депутат Руслан Берденов "Абу-Даби Плаза" төбесінде қорқынышты биіктен видеоға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны бастапқыда видеограф Әділет Рахметолла әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап, кейіннен өшіріп тастаған.
Артынша Руслан Берденов өз парақшасында видеоға қатысты мәлімдеме жасады.
"Бұл видео Әділет Рахметолла түсіріп жатқан әлеуметтік роликтің бір бөлігі. Ешқандай терең мағына іздеудің қажеті жоқ", – деді Руслан Берденов.
Айта кетейік, Берденов мәжілісте букмекерлік кеңселер мен құмар ойындардың зияны туралы айтып, мәселе көтеріп жүр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!