Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ірі банктердің акционерлерінің дивидендтеріне салық салудың қолданыстағы тәсілін қайта қарауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілісмен жыл сайын банк иелері дивидендтер түрінде жақсы табыс табатынын және салықтан босатылатынын жеткізді.
"Орталық Азиядағы ірі банктер - Қазақстанның банктері. (...) Бұл банктер жыл сайын акционерлеріне, иелеріне миллиардтаған дивиденд төлейді. Ірі акционерлер 100 миллион теңгеден аса қаражат алады, бірақ олар салықтан босатылған. Қазір "қосарланған салық болмайды, сондықтан олар босатылады" дейсіз. Бірақ біздің еліміздің бюджеті әлеуметтік дамуға бағытталған. Оның 53 пайызы - әлеуметтік сала", - деді депутат.
Ермұрат Бапидің пікірінше, банктердің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру үшін дивидендтерге сараланған салық салу қажет.
"Дивидендтерге салық салуды қарастыру қажет деп ойлаймын, бұл - акционердің таза және жеке пайдасы. Неліктен Үкімет 100 миллион теңгеге дейін дивиденд алатындарға 10 пайыз салық, ал миллиардтаған дивиденд алатындарға 15 пайызға дейін салық ұсынбайды?" - деді ол.
Вице-премьердің айтуынша, Үкімет мұндай бастаманы қолдауға дайын.
"Мұндай ұсыныс болса, біз өз тарапымыздан қолдаймыз", - деп жауап берді Жұманғарин.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!