- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Депутат Қарақұсова дауға...
Депутат Қарақұсова дауға айналған мәлімдемесін түсіндіріп берді
VI шақырылымындағы Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсова өз әріптестерін қорғап, олардың Астанадағы ең қымбат саналатын "Бейжің сарайы" қонақүйінде уақытша тұрып жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның сұхбат беру сәті бейнеленген видео әлеуметтік желілерде кең талқыланған еді.
Қарақұсова әлеуметтік желілерге кірмейтінін айтты, сонымен қатар, пікірдің қандай жағдайда алынғанын түсіндірді.
"Маған 40 адам келіп, сұрақтарын қоя бастады. Журналистер де заңды білгенін қалаймын. (...) Адам қай жерде жұмыс істесе де, соған сәйкес қамтамасыз етілуі керек. Себебі биліктің барлық саласы - мемлекеттің бейнесі. Біз іссапармен келгенде бір лауазымды адаммен, сенатормен кездесуіміз керек болып қалып, біздің бизнес-таңғы асымызға келгісі келсе не болады? Ол қайда келуі мүмкін екенін елестетіп көріңіз. Сондықтан әр мемлекет өз өкілдеріне сәйкес деңгейде жағдай жасайды. Себебі ол адам ғана емес, ол сонымен қатар депутат, мемлекеттің өкілі", - деп мәлімдеді Қарақұсова тілшімен телефон арқылы әңгімесінде.
"Биліктің заңнама салалары басқа меморгандар секілді "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңмен өмір сүреді, біз таңдау жасауға құқылы емеспіз. Қаңтарда тендер жарияланды, қатысқысы келгендер өтініш берді. Кейін құзырлы органдарға тендер өткізілді, "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы бойынша ең арзаны таңдалады. Ең арзанын "Бейжің сарайы" ұсынды - тәулігіне 29 мың теңге", - деді депутат.
Қарақұсованың пікірінше, депутаттардың қонақүйде тұруын талқылау әлеуметтік желілерден басталған. "Барлық соңғы қақтығыс әлеуметтік желілерде басталды. Әлеуметтік желілерде біздің мемлекетімізге қарсы жұмыс істеп, ақша табатын адамдар да отырады. Сайлау болмай жатып, 15 наурызда әлеуметтік желілерде депутаттарға 120 мың теңгелік бөлмелер беруді жоспарлап жатыр деген шу шықты, тендер ол кезде өткізілмеген де еді", - деді мәжілісмен.
Айтуынша, оның дауға ұласқан пікірі мәтін арасынан алынған екіұшты сөз. "Логика бойынша бұл сұрақ депутаттарға емес, Парламент аппаратына қойылуы керек", - деді ол.
Осыған дейін V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева өзінің бұрынғы әріптесі VI шақырымдағы Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсованың сұхбатына қатысты пікірінде парламенттегілердің ерекше жағдайда болуына қатысты ойын айтқан еді. "Шынымды айтсам, мен де аңтарылып қалдым. Ол комитеттің төрағасы және ол маңызды бір таныстырылымнан немесе жұмыс тобынан шыққан шығар, сондықтан ойын солай жеткізген шығар. Негізінде ол ашық әрі өте ақкөңіл адам", - деді Соловьева Астанадағы жиынның үзілісінде тілшілерге.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін