- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Депутат "Қалаулым", "Бір...
Депутат "Қалаулым", "Бір болайық" бағдарламаларын жабуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев атышулы "Қалаулым", "Бір болайық" бағдарламаларын жабуды ұсынып, жауапты министрлік өкілдерінен бұл бағдарламалар қазақ қоғамына қаншалық қажет екенін сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттың сөзінше, бұл бағдарламалар ұрпақ тәрбиесіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ол жауапты өкілдерден айтылған мәселені қадағалауды сұраған.
"Қалаулым" деген бағдарлама бар, білесіз. Боғауыз сөздер айтады. Содан кейін 31-арнадан "Бір болайық" деген бағдарлама шыққан. Сол қаншалықты қажет? Мәдениет министрлігі қадағалауларыңыз қажет. Шынымен, қарауға да болмайды. Балаларымыз қарайтын болса, құртылады. Соны қадағалаңыздар" - дейді депутат.
Бұл сауалға мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов жауап берді.
"Бұл жерде мәселе кішкене күрделі. Бізде өлшем бар. Өлшемдерді өткізетін - шетелдік компаниялар. Сол шетелдік компаниялар өлшем өткізген кезде осындай бағдарламалардың рейтингі жоғары қояды. Яғни, өкінішке қарай, мұндай бағдарламаларға бәрі қызығушылық танытып отыр. Қазір бұл мәселені қолға алып, келесі жылдан бастап мұндай бағдарламаның барлығы мемлекеттік ақшаға емес, жеке ақшаға түсірілсе де, ең алдымен редакциялық сараптамадан өткізіледі", - дейді Қанат Ысқақов.
@mediakz2 #Депутат #мажилис #Астана #маңғыстау #ақтау #қазақстан?? #халықдепутаты ♬ оригинальный звук - Media
Әлеуметтік желіде бұл ұсыныс қызу талқыланып жатыр.
"Жоқ қылу керек", "100 пайыз жабылсын", "Бір адам айтты-ау", "Бәрін жауып тастасын, қолдаймын", "Жақсы болар еді, тездетіп жабылсын", - дейді әлеуметтік желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова