Мәжіліс депутаты Руслан Берденов депутат Жигули Дайрабаев есімінің мағынасын сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Көлік кейін 69-70 жылдары шықты ғой. Есімімді марқұм әкем қойып еді. Қазіргі Самара қаласының маңында, Ресейде Жигули деген тау бар. Қазақтар ырымшыл ғой. Сыраның да, көліктің де қатысы жоқ. Ырымдап, таудай болсын деп қойды. Әкеме де, есіміме де рақмет", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың қызық видеосы тарап кеткен еді.
Кадрларда депутат телефонмен сөйлесіп отырғандай көрінеді. Бір желі қолданушысы депутат Дайрабаев телефон арқылы аудиохабарлама жіберіп жатқанын жазған.
"Жұмыс барысында сіздерге ұқсап, бір журналиске жайлап дауысыммен жауап бердім. Журналист пе, көрейінші, қарауға да уақытым болған жоқ. ...Жауап бермей-ақ қояйын ол жөнінде", - деді ол.
Анықтама: Жигули Дайрабаев - "Атамекен" ҰКП төралқасы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз