Мәжіліске басшы министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді. Бұл туралы депутат Еділ Жаңбыршин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат басшылар сұраққа нақты жауап бере алмайтынын айтып қынжылды.
"Біздің министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді. Біреуі жауапты оқып отыр, екіншісі жалпылама әңгіме айтады. Бұл бірнеше рет қайталанып отыр. Депутаттар нақты сұрақ қояды. Нақты жауап жоқ. Қайта-қайта біз нақтылап отырамыз. Олай болмауы керек қой", - деді Еділ Жаңбыршин.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!