- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Депутат елорда атауын...
Депутат елорда атауын өзгертуге жұмсалатын шығын туралы айтты
Нұр-Сұлтан атауын Астана деген атауға өзгерту 2019 жылға қарағанда, арзанырақ болуы мүмкін. Елордалық мәслихат хатшысы Ерлан Қаналимовтың айтуынша, 2019 жылы маңдайшаларды, бланктер мен мөрлерді өзгертуге 30 миллион теңге жұмсалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордалық мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтан атауын Астанаға ауыстыру туралы ұсынысты қоғамдық тыңдауларда қараған.
"2019 жылмен салыстырғанда, барлық мемлекеттік орган құжат айналымының цифрлық форматына 100 пайыз көшті. 2019 жылы өзгерістер болғанын ескеріп, жалпы әкімдік бойынша 2019 жылы мемлекеттік органдар арасында маңдайшаларды, бланктер мен мөрлерді өзгертуге шамамен 30 миллион теңге жұмсалды. Менің ойымша, биыл цифрлық құжат айналымына көшкенімізді ескергенде, шығын әлдеқайда аз болады. Себебі қазір көптеген мемлекеттік орган ресми түрде бланктермен ештеңе жібермейді, ЭЦҚ қолданады", - деді Қаналимов.
Еске салайық, бұған дейін Қаржы министрлігі өкілі Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейтінін айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова