Депутат Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды

Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Елнұр Бейсенбаев туралы не белгілі?

Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы 27 маусымда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Бұған дейін Алматы, Астана әкімдіктерінде қызмет еткен. 2023 жылғы наурыздан бастап сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!