- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Депутат Дәулет Тұрлыханов...
Депутат Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметке тағайындалды
Депутат Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Осы аптада тағы бір жақсы жаңалық орын алды. Астанада "ДИНАМО" СҚ-ның кезектен тыс Конференциясы өтіп, онда Президиумның жаңа құрамы мен осы спорт Қоғамының төрағасы сайланды. Отырыс қорытындысы бойынша "Динамо" Қоғамының басшысы болып ҚР Ішкі істер Министрі Ержан Сәденов сайланды. Мен Президиумге отыру құрметіне ие болдым. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Президиумға атақты суға жүзгіш, "Рио-2016" Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинді сайлады.
"Динамо" бір жылдан кейін өзінің 100- жылдық мерей тойын атап өтпек. Еліміздің көптеген даңқты спортшылары "Динамо" сапында ақ-көк түсті жейденің намысын қорғады. Бұл таңда "Динамо" қатарында болу үлкен абырой мен мәртебе болып табылатыны сөзсіз! Жиында әріптестеріме артылған сенім үшін үлкен алғысымды білдіріп, Қоғам жұмысына сәттілік тіледім!", - дейді Тұрлыханов.
Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов VIII сайланымның Мәжіліс депутаты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина