Депутат Дәулет Тұрлыханов мемлекеттен өмір бойына неге 300 мың теңге жалақы алатынын айтты

Танымал спортшы, депутат Дәулет Тұрлыханов жалақысы қанша екенін айтты. Бұл туралы ол "Динамен дұрыс" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәулет Тұрлыханов депутат ретінде жалақасы қанша екенін атады. Оның сөзінше, депутаттарға берілетін қызметтік пәтерді пайдаланбайды.

"Менің алатыным - 700 мың теңге. Өз көлігіммен жүрмін. Бірақ керек кезінде тапсырыс бойынша хабарласып шақыртасыз. Қызметтік пәтерлер бар. Бірақ досымның пәтерінде тұрып жатырмын. ...Қызметтік пәтерге кезек те көп, алайын деген әріптестерім де көп. Жағдайым жетіп тұрған соң солай шештім. Әрине, бар (жағдайы жетпейтіндер - еск.)", - дейді ол.

Депутат өмір бойына неліктен 300 мың теңге алатынын түсіндірді.

"Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында жүлде алған спортшыларға жалақы қосымша беріліп тұрады. Менің спортта сіңірген еңбегім үшін алатын жалақым - 300 мың теңге. Өмір бойы береді", - дейді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз