- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Депутат Дәулет Мұқаевтың...
Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды
Депутат, танымал блогер Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл қайғылы жаңалықты журналист Дана Нұржігіт жеткізді.
"Дәулетжан, айналайын! Кеше ғана сөйлесіп, жағдайыңды біліп отырған едім. "Күлекеңнің денсаулығы оңалып келе жатыр ма?" деп, ең болмаса жылтыраған үміт бар ма деп едім... Қайтейін?! Тағдыр басқалай болды. Ерсің бе, әйелсің бе, жассың ба, кәрісің бе, хан бол, қара бол, ананың орны бәрінен биік, бәрінен бөлек, бәрінен ерек. Күлекең мен Төлеутай әкеңді сонау "көшбасшыға" өзіңе жанкүйер болып, студияға келіп жүрген кезінен білем ғой. Баласы үшін құрақ ұшқан ата-ана. Құдай берген ұл-қызына бәрін сарқып берген жанкешті адамдар. Қарапайым қазақ. Күлекең - мейірбике, Төлеутай әкей - сол ауруханада ұста. Екі баланы жеткізіп, Семейден Астанаға көшіп келіп, енді құлашын кеңге жайып, немересін мейірлене сүйіп отыратын кезде… Қап,қап! Төкеңе қайғырып көңіл айтамын! Жарасып өмір сүрген жұбынан қапыда айырылу жан азабының ең ауыры. Дәуке, Лаура, Арука, туған-туыс,дос бауырға қайғыра көңіл айтамын! Сабыр…", - деп жазған ол.
Massaget.kz редакциясы Дәулет Мұқаевқа және оның отбасына қайғыра көңіл айтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек