- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Депутат Дәулет Мұқаев...
Депутат Дәулет Мұқаев ұшақта болған қызық жайтты айтты
Танымал блогер, депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында ұшақта болған бір жайтты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, ұшақта сапарлас болған украиналық Екатерина жол бойы қазақ тілін оқып келген.
"Жолаушы Екатерина. Катяға риза болғаным, ұшақта 90 минут бойы қазақ тілін оқып, планшетте түрлі жаттығу, тапсырмаларды орындап келді. Ұшақ қонар сәтте шыдай алмай сұрадым:
- Не үшін қазақ тілін оқып жатырсыз?
- Мен Украинадан 1 жыл бұрын келдім. Қазір білім саласында жұмыс істеп жүрмін. Менің ойымша, қай елде өмір сүресің, сол елдің тілін әркім білу керек. Сол үшін үйреніп жүрмін. Бірақ сіздерде қазақтардың өздері қазақша білмейді екен. Сол мені таңғалдырды.
- Ммм, иә бар сондай адамдар. Бізде қазақ тілін менсінбей жүргендер жетеді.
- Ол дұрыс емес. Білмесе, оқысын, үйренсін. Мүмкіндік көп қой. Мен тегін сайттарды оқимын, әрі 75 000 теңгеге қазақ тілін үйрететін курс сатып алғанмын. Соны да қатар оқып жүрмін. Мен сізге 1 жылда қазақ тілінде толығымен сөйлеуге уәде беремін.
- Тамаша!
Арамыздағы диалог орыс тілінде болды. Негізі ойланарлық сөздер. Екатерина секілді ойлайтын жандар көп болсын", - делінген жазбада.
Желі қолданушылары қазақ тілінің жайына алаңдап, түрлі пікір жазыпты.
"Астанаға келгеніме 1 айдан асты. Қазақтар қазақша сөйлегісі келмейді", "Жүрегі Қазақ деп соғатын адамдар көбейе берсін", "Жарайсың", "Менде солай ойлаймын, қай елде тұрасың сол елдің тілін білу ол құрмет пен міндет", - дейді олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова