Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "Талқы" бағдарламасында той форматын өзгерту керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Дастарқанды қарайықшы, әйтеуір бәрі толу керек. Одан кейін 6 сағат отырамыз. Көп жағдайда дастарқан желінбей жатса, пакет таратылып, тамақты бәрі салып алып кетеді. Кейде ер азаматтар әйелдермен жанталасып салып жатады. Тамақ тұрғысынан да ысырапшылықты азайту керек.
Екіншіден, тойға 300-400 мың адам шақырылады, оның бәрін танымайсың ғой. Менің түсінігімде тек жақындар жиналу керек. Ал біз апа-атаның көңілі қалмасын, ұят болмасын деп, 200-300 адам жинап отырамыз. Пандемия кезінде сабақ алмадық. Адамдар тығылып, 80-100 адамға той жасады, сол сақталып қала ма деп едім. Жоқ, қайтадан бұрынғы той жарысқа өтіп кеттік", – деген ол.
Еске салайық, бұған дейін танымал әнші Роза Әлқожа да қазақтың тойына реформа жасау керегін айтқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз