Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол докторантураны аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Докторант үшін ең қиын нәрсе - Scopus базасына мақаласын шығару. Аллаға шүкір, 2022 жылы мақаламды Польша журналына шығарып (Q1), одан бөлек Отандық журналдарға да мақалаларым шыққан еді. 2023 жылдың көктемімде депутат болып, қолым тимей жүргенде ғылыми жетекшім Профессор, экономика ғылымдарының докторы Шалболова Ұрпаш Жаниязқызы "әй, Мукаев, елдің проблемасы бітпейді, алдымен өз проблемаңды бітір.
Депутаттаттықтың уақыты бір күні бітеді, ал РhD қорғап алсаң ол саған өмірлік азық. Ештеңе білмеймін, келесі жылы (2024) саған қорғауды қоямын" деді. Мен болсам, "болды, жақсы" дегеннен ештеңе айтпадым", - дейді депутат.
@daulet_agai Докторант үшін ең қиын нәрсе - Scopus базасына мақаласын шығару. Аллаға шүкір, 2022 жылы мақаламды Польша журналына шығарып (Q1), одан бөлек Отандық журналдарға да мақалаларым шыққан еді. 2023 жылдың көктемімде депутат болып, қолым тимей жүргенде ғылыми жетекшім Профессор, экономика ғылымдарының докторы Шалболова Ұрпаш Жаниязқызы “әй, Мукаев, елдің проблемасы бітпейді, алдымен өз проблемаңды бітір. Депутаттатықтың уақыты бір күні бітеді, ал РhD қорғап алсаң ол саған өмірлік азық. Ештеңе білмеймін, келесі жылы (2024) саған қорғауды қоямын” деді. Мен болсам, “болды, жақсы” дегеннен ештеңе айтпадым. Докторантураға түсуге қарағанда, оқуы қиын. Негізі көп нәрсе жетекшіге байланысты. Қиналған кездерде қолды бір сілтеп, оқудан шығып кеткім-ақ келді. Бірақ, көзі тірісінде маған білімге бағдар берген, оқуға деген құштарлығымды ашқан Мақсат ағамның аруағынан ұялдым. Ішімде “қайткенде де мен бітіруім керек, сіздің мазарыңызға дипломмен келемін” деген ішкі мақсат тұрды (бұл жайлы тарқатып кейінірек пост саламын). Осы орайда Скопус мақаламның шығуына бағыт берген, досым Ақнұр Жидебекқызына алғысымды айтқым келеді. Бір нәрсе сұрай қалсам, үнемі қол ұшын созуға дайын кураторым Бибігүл Күнтуғанқызына және де кафедра меңгерушісі профессор Майдырова Айгүл Болатқызына рақметімді білдірмесем болмайды. Сондай-ақ, мен оқуға түскенде “Экономика” факультетінде декан болған (қазір проректор) Мақыш Серік Биханұлына алғысымды білдіремін. Әрі Еуразия ұлттық университетінің ұжымына, аты аталмай, түсі түстелмей қалған өзге де басшылық құрамға мың алғыс. Бір адамның тұлғалық даму жолына бір ғана адам әсер етпейді. Оған бірнеше адам себепкер болатыны анық. 2018 жылы дүйім жұртқа баспанаға бағыт беруді бастаған едім. Ол тек әлеуметтік желіде емес, Республикалық арналарда авторлық бағдарламаға, газет-журналдардың мақаласына, түрлі сұхбатқа арқау болды. Сонымен қатар баспаналы болу механизмдерін ғылыми тұрғыда зерттеп, “экономика” мамандығы докторлықты қорғауыма себеп болды! Міне, кезінде баспанадан қиындық көрген студент бала, бүгінде баспана жайлы үлкен диссертация жазған PhD докторға айналды!!! Бәріңізге жұғысты болсын. Оқу ешқашан кеш емес. Оқыған озады. #dauletten ♬ оригинальный звук - 🇰🇿𝐌𝐄𝐑𝐋𝐀𝐃𝐘🐆
Дәулет Мұқаевтың сөзінше, докторантураға түсуге қарағанда, оқуы қиын.
"Негізі көп нәрсе жетекшіге байланысты. Қиналған кездерде қолды бір сілтеп, оқудан шығып кеткім-ақ келді. Бірақ, көзі тірісінде маған білімге бағдар берген, оқуға деген құштарлығымды ашқан Мақсат ағамның аруағынан ұялдым. Ішімде "қайткенде де мен бітіруім керек, сіздің мазарыңызға дипломмен келемін" деген ішкі мақсат тұрды (бұл жайлы тарқатып кейінірек пост саламын). Осы орайда Скопус мақаламның шығуына бағыт берген, досым Ақнұр Жидебекқызына алғысымды айтқым келеді. Бір нәрсе сұрай қалсам, үнемі қол ұшын созуға дайын кураторым Бибігүл Күнтуғанқызына және де кафедра меңгерушісі профессор Майдырова Айгүл Болатқызына рақметімді білдірмесем болмайды.
Сондай-ақ, мен оқуға түскенде "Экономика" факультетінде декан болған (қазір проректор) Мақыш Серік Биханұлына алғысымды білдіремін. Әрі Еуразия ұлттық университетінің ұжымына, аты аталмай, түсі түстелмей қалған өзге де басшылық құрамға мың алғыс. Бір адамның тұлғалық даму жолына бір ғана адам әсер етпейді. Оған бірнеше адам себепкер болатыны анық. 2018 жылы дүйім жұртқа баспанаға бағыт беруді бастаған едім. Ол тек әлеуметтік желіде емес, Республикалық арналарда авторлық бағдарламаға, газет-журналдардың мақаласына, түрлі сұхбатқа арқау болды. Сонымен қатар баспаналы болу механизмдерін ғылыми тұрғыда зерттеп, "экономика" мамандығы докторлықты қорғауыма себеп болды! Міне, кезінде баспанадан қиындық көрген студент бала, бүгінде баспана жайлы үлкен диссертация жазған PhD докторға айналды!!!", - дейді депутат.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!