Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Даудың басы
Даудың басы Threads желісіндегі мына жазбадан шықты:

Қысқа ғана жазбаға 300-ден аса пікір жазылған.
Халықтың пікірі
Желі қолданушылары бұл депутаттар талқылайтын мәселе емес екенін жазған.
"Депутат талқылайтын мәселе емес. Оның үстіне орыс халқы да Қазақстан азаматтары, мандат алмас бұрын этика деген нәрсені үйретпей ме депутаттарға?", "Әскерде сарбаз қаза тапты. Азық-түлік қымбат. Ет қымбат. Жарық, газ, су қымбат. ...Әлде біз білмейтін қандай да бір ережелер бар ма?", "Мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылаңыз одан да, депутат мырза", "Қызметіңнен кетші, өтініш", - деді олар.
Еске салайық, бұған дейінгі Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасын 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл жайт қоғамда қызу талқыланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова