Депутат бір саланың жалақысын көтеруді сұрады

Депутат бір саланың жалақысын көтеруді сұрады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков еліміздегі ең төмен жалақы ауыл шаруашылығы саласында екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2023 жылғы жағдай бойынша (2023 жылғы бағамен) ең төмен жалақы төленетін жұмыс орындары ауыл шаруашылығы саласында. 2010 жылдан 2023 жылға дейін ауыл шаруашылығындағы нақты табыс өскеніне (382%) қарамастан, орташа жалақы әлі де республикалық орташа көрсеткіштен 4,4 есе төмен", - деді ол.

Депутаттың сөзінше, бүгінде ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігін арттырумен қатар, азаматтардың жалақысын арттыру мәселесі де өте өзекті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget