- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Депутат болмағаныма өкінбеймін...
Депутат болмағаныма өкінбеймін - Президент сайлаyына қатысқан Салтанат Тұрсынбекова
Кезектен тыс Президент сайлауында кандидат болған Салтанат Тұрсынбекова Мәжіліс депутаты болмағанына өкінбейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Президент сайлауына қатысқан Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс депутаты болды. Өзіңіз депутат болмағаныңызға іштей өкінбедіңіз бе?" - деп сұраған журналист.
"Жоқ, өкінбедім. Бүгінде нақты адамдардың құқықтарын қорғайтын, өзімнің ішкі принциптеріме сай жерде жұмыс тауып, сол жерде жұмысымды атқарып жатырмын. Жалпы мен Президент сайлауына қатысқан кезде "Мен еш жерге барайын деп жатқан жоқпын, адамдардың құқықтарын қалай қорғадым, солай қорғап жүремін" деп айтқан болатынмын. Мен сол принципімде қалдым", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұстаздар туралы қызықты деректер керек
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова