- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Депутат Бақытжан Базарбектің...
Депутат Бақытжан Базарбектің баласының бесікарбасын өртеп кеткен күдікті ұсталды
Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек белгісіз біреулер отбасына қоқан-лоқы көрсетіп жүргенін айтқан еді. Оның айтуынша, біреулер баласының бесікарбасын өртеп кеткен. Полиция қызметкерлері күдіктінің ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы заңгер Facebook-парақшасында бөліскен еді.
"Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоқыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын пәтеріміздің (квартирамыздың) есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесін! Не болса да тергеу қорытындысын күтейік", - деп жазды белгілі заңгер.
Полиция қызметкерлері күдіктінің ұсталғанын айтты.
"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді ер адамды ұстады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек