Депутат Айдос Сарымға 2070 жылға дейін Ресей мен Беларуське кіруге тыйым салынған , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы депутаттың өзі Telegram-арнасында айтты.
"СІМ (Қазақстанның-еск.) Тина Канделакиді нон-грата персонасы деп таныды. Дұрыс. Оған артық сөз, эмоция жұмсаудың қажеті жоқ. Өзіңді құрметтей білу керек. Мен өзім де Ресейде 2070 жылға дейін нон-грата персонасы деп танылғанмын. Елдің Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ-еск.) маған ескерту жіберген, яғни шекарадан өтсем 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға тап болуым мүмкін. Беларусьте де солай... Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ...", - дейді Айдос Сарым.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстанға кірмейтінін айтқан болатын.
"1, 2, 3 деген тізім жоқ. Ол әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Біреу ұнамаса үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Сол секілді біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. Оны нақты "бүгін, ертең кіргізбейсіздер ме?" деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас. Келсе кірмейді", - деген еді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!