Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров қазақ халқы мен президентке тіл тигізген әлеуметтік желісі қолданушысын жауапқа тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейді. Кеше Түркістан облысының Сайрам ауданы азаматы бүкіл қазақ еліне, тіпті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тіл тигізді. Бұл азамат қазір шетелде", - деді Ардақ Назаров Мәжілістің жалпы отырысында.
Депутат желі қолданушысын жауапқа тартуды ұсынды.
"Қазақ халқы - бейбітшілікті сақтап отырған ел. Елімізде тұрып жатқан азаматтар қазақ халқын басынбауы керек. Біз момын халық емеспіз. Біз – байсалды халықпыз. Бұл азамат қазір шетелде. Оның ата-анасы кеше әлеуметтік желіде кешірім сұрады. Бұлай істеуге болмайды. Ертең ол азамат Қазақстанға келгенде оны 30 күн қоғамдық жұмысқа жегу керек. Керек болса оны бірнеше күнге бас бостандығынан айыру керек. Өйткені, бұл басқаларға сабақ болуы қажет", - деді ол.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!