Депутат Анас Баққожаев Үкімет жұмысына “3“ қойды

Депутат Анас Баққожаев Үкімет жұмысына “3“ қойды
Фото: Видео кадры

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев биылғы жұмыс бойынша үкіметтің жұмысын қалай бағалайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл сұрақты оған Мәжіліс кулуарында журналистер қойған. Депутат министрлер кабинетінің жұмысына "3+" деген баға беретінін айтты. Оның айтуынша, президенттің бюджет шығындарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы толық орындалмаған.

"Плюс үш. Қаражат оңтайландырылмаған. Премьер-министр он күн ішінде бюджет шығындарын оңтайландыру бойынша шаралар қабылдаймын деді. Енді қарайық, оңтайландырылды ма?! Жоқ, әлі жоқ. Бұл мәселені өткен жолы да көтергенмін. Бір ғана "памперс" мәселесін алайық. Бүкіл Қазақстан бойынша "памперс" жеткізетін бір ғана тасымалдаушы бар. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар маған ренжімесін, мен тек мысал ретінде айтып отырмын. Бір ғана "памперске" сегіз миллиард теңге кетеді, баға қолдан көтерілген жоқ па, артық шығындар қарастырылмаған ба?! Бұл - тек бір мысал. Қалған министрліктердің бәрін тексерсе, қыруар қаржыны үнемдеуге болар еді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс сәл ақсап тұр", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget