- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Депутат ақша аударымдары...
Депутат ақша аударымдары миллион теңгеге дейінгі қазақстандықтарға "тиіспеуді" ұсынды
Депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынамыз: тек микробизнес деңгейінде айына миллион теңгеден [асатын] аударымдарға ғана критерий енгізу", - деді ол.
Ақша-кредит саласына келетін болсақ, Азат Перуашев Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін едәуір төмендетуді ұсынды.
"Бүгінде 6 ірі банк 67 пайызды бақылайды, бұл барлық екінші деңгейдегі банктердің активтерінің үштен екісі, бұл қалыпты жағдай емес. Бәсекелестікті қамтамасыз ету және несиелендіруді ынталандыру үшін ірі банктерді бөлу мәселесін қарастыру қажет", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін аударымдар 255 мың теңгеден асса тексеріс жүруі мүмкін екені белгілі болған еді.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Қаржы министрлігіне қазақстандықтардың мобильдік аударымдарын бақылауға қатысты сауал жолдаған болатын. Депутаттар 100-ден аса мобильді аударым үшін нақты сома анықтамалғанына назар аударды. Яғни қазақстандықтарға қанша теңге алғаннан кейін салық төлеуге тура келетіні нақтыланбаған. Депутаттардың сөзінше, 100 теңгеден басталатын шағын аударымдар да фискалдық бақылау үшін негіз бола алады.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселені алда да қасрастырады. Осылайша, мынадай өзгеріс енгізілуі мүмкін:
"Бір жеке тұлғаның банк шотына үш ай ішінде ай сайын жалпы сомасы 3 ЕТЖ-дан асатындай (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 255 000 теңге - еск.) 100 және одан да көп адамнан ақша түсуі", - деп жазылған жауапта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина