Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыруды ұсынды: басқалары не дейді?

Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыруды ұсынды: басқалары не дейді?
Фото: Massaget.kz/senate.parlam.kz

Қоғамда тоқал алуды заңдастыру мәселесі қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Бұған дейін танымал заңгер, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Ербол Сейілханға берген сұхбатында тоқал алу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Абзал Құспан бұл жайтты заң тұрғысынан реттеу керек деген пікірде.

"Бірақ мен қарсы болды екен деп, сіз қарсы болды екен деп, заңда тыйым бар екен деп тоқтап жатқан адам жоқ. Сондықтан мұны (тоқалдықты - еск.) заңдастыру керек деп есептеймін. Заңмен реттеу қажет. Әуелі қоғамның талқысына салу керек", - деді депутат.

Сенат депутаты не дейді?

Сенат депутаты Жанна Асанова да Қазақстанда тоқал алуды заңдастыруға қатысты пікір білдірді.

"Конституцияда неке институты бекітілген, онда бәрі анық жазылған. Қалғаны - жеке пікір. Мен некедегі зайырлы қарым-қатынасты қолдаймын", - деді Асанова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget