Жеке тұлғаларға Отбасы банкінде ашылған депозиттері бойынша республикалық бюджеттен 10 пайыз өтемақы қарастырылған. Massaget.kz тілшісі өтемақы кімге, қалай және қашан берілетінін анықтады.
Өтемақы бұл - 2022 жылғы 23 ақпаннан қолданыста болған депозит бойынша салымшыға төленетін қаражат. Ескертейік, депозит биылғы 23 ақпанға дейін сақталуы керек.
Өтініштер онлайн және банк кеңесшілерінің көмегімен жолданады.
Өтінішті 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 10 ақпанға дейін Баспана маркет - www.otbasybank.kz жеке кабинет арқылы немесе банк кеңесшілеріне хабарлаcып жолдауға болады.
ӨТЕМАҚЫ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Депозиттен қаражатты ішінара шешіп алуға болады, бірақ өтемақы берілетін кезең бойынша сақталған қаражат қалдығы бойынша есептеледі. Оның үстіне, осы уақыт аралығында салымға қосымша толықтырылған қаражат есепке алынбайды.
ӨТЕМАҚЫ МЫНА ДЕПОЗИТТЕР БОЙЫНША ТӨЛЕНЕДІ:
Өтемақы салымшының депозитіне аударылады.
ӨТЕМАҚЫ ҚАНДАЙ ДЕПОЗИТ БОЙЫНША ТӨЛЕНБЕЙДІ:
Салымшының жалпы қалдығы 20 миллион теңгеден асатын екі және одан да көп депозиті болса, өтемақы салымдар сомасына пропорционал, бірақ белгіленген өтемақы сомасынан аспайтын депозиттерге есептеледі.
Мысалы:
Салымшының 2 депозиті бар: №1 депозит - 6 миллион және №2 депозит - 15 миллион теңге. Екі салымның жалпы сомасы 21 млн теңге, сома 20 миллион теңге шегінде ғана өтеледі.
Жалпы көлемі 20 млн теңгеден асатын депозиттер бойынша, әрбір салымға түсетін қаражат көлемін есептеу үшін, салым бойынша тиіс өтемақының үлесі есептеледі:
№1 депозит бойынша: 6 миллион * 100 пайыз / 21 млн = 28,57 пайыз.
№1 депозит бойынша: 15 миллион * 100 пайыз * 21 млн = 71,43 пайыз.
Аударылатын өтемақы сомасы:
№1 депозит бойынша - 20 миллион * 28,57 пайыз * 10 пайыз = 571 400 теңге.
№2 депозит бойынша - 20 миллион * 71,43 пайыз * 10 пайыз = 1 428 000 теңге.
Барлығы: аударылған не екі депозит бойынша өтемақы сомасы = 2 миллион теңге.
ӨТЕМАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ:
№1 мысал
Депозит сомасы 2022 жылғы 23 ақпан аяғында 600 000 теңгеге тең болды. Бір жыл ішінде депозитіңізді екіге бөліп, біреуін жауып тастадыңыз. Депозитте сақталған қаражаттың қалдығы бойынша минимал сома - 300 000 теңге. Өтемақы 2022 жылғы 24 ақпаннан 2023 жылғы 23 ақпанға дейінгі аралықта ең төмен депозит сомасына есептеледі. Яғни, 300 000 теңгеге 10 пайыз көлемінде өтемақы аударылады, бұл - 30 000 теңге.
№2 мысал
2022 жылғы 23 ақпанда депозитіңіздің сомасы 600 000 теңге болды. Бір жыл ішінде салымыңыздағы қаражатты шешпей, толықтырып отырдыңыз. 2023 жылғы 24 ақпанда депозитіңіздегі сома 1 миллион теңгеге жетті. Бұл жағдайда депозиттегі 600 000 теңгеге 10 пайыз көлемінде өтемақы төленеді, ол 60 000 теңгеге тең келеді.
№3 мысал
Сізде жалпы сомасы 24 миллион теңге болатын бірнеше депозит бар. Өтемақы депозиттердің жалпы сомасы 20 миллион теңгеге есептеледі. Яғни, 4 миллион теңгеге өтемақы төленбейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!