Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация жоспарланған мерзімнен кейін басталады. Денсаулық сақтау министрлігі себебін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл Қазақстан 2 миллиард теңгеге Ресейде өндірілген "Гриппол+" тұмауға қарсы 2 миллион доза вакцина сатып алды. Ол тұмаудың ең көп тараған үш штаммынан қорғайды.
Тамыз Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова 2025–2026 жылдары тұмау, ЖРВИ және коронавирусқа қарсы профилактика жүргізу туралы қаулыға қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталуға тиіс еді.
"Жеткізуші бізге Қазақстанға арналған вакцинаның қыркүйектің екінші онкүндігінде ғана дайын болатынын хабарлады. Сондықтан біз тұмауға қарсы вакцинациялау науқанының басталуын 1 қазанға ауыстыруға мәжбүрміз", – деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцина арқылы басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева.
Мүмкін салдары
Комитеттің айтуынша, бұл жағдай екпе науқанының тиімділігіне әсер етпейді. Қазақстанда тұмау мен суық тию маусымы әдетте қазанда басталады. Әдетте вакцинацияны ертерек бастап, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға тырысады. Дегенмен екпені кейін де салдыруға болады.
Алдымен вакцинациядан өтетіндер:
Тұмауға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі, тіркелген емханаларда алуға болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!