Күніне 50 грамм ғана чипс жесеңіз, денсаулыққа зиян тимейді, артық салмақ қоспайсыз. Бұл туралы нутрициолог Олеся Барзаева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.руға" сілтеме жасап.
"Ультра өңделген тағамдарды тым көп тұтынған кезде ғана қатерлі ісік дамуы мүмкін. Яғни, чипстер де дұрыс тамақтанудың бір бөлігі бола алады", – дейді маман.
Олеся Барзаеваның айтуынша, тиімді ұсыныстың бірі - тағамды негізгі және қосымшаға бөлу. Негізгі тағам диетаның 85 пайызын құрауы керек және барлық тамақ топтарын қамтуы керек: сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, ақуыз өнімдері.
Үйде дайындалған тұтас тағамдарға басымдық берген дұрыс.
"Қант қосылған, ультра өңделген тағамдарды, тұзы мен қаныққан майы жоғары тағамдарды қамтитын қосымша тағам адамның салмағына, жасына және жынысына байланысты диетаның 15 пайызын немесе 250-350 ккалориядан аспауы керек. Бұл шамамен 50-60 грамм чипстер", - деп түсіндірді маман.
Маман мұндай өнімдерді үлкен пакеттерде сатып алмауды ұсынды. Мұндай тағамдарды шамадан тыс жеу мүмкіндігі олардың мөлшеріне байланысты артады. Сондай-ақ, чиптсерді тікелей пакеттен жемей, кішкене контейнерге салып жеген жөн.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз