- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Денсаулыққа қауіпті: сары...
Денсаулыққа қауіпті: сары майды шамадан тыс тұтынса, ағзада не болады?
Сары май бутербродтың негізі, сондай-ақ оны тағамды пісіру немесе қуыру кезінде жиі қолданады. Сондықтан сарапшылар бұл өнімді шамадан тыс тұтынған кезде, ағзада не болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Холестерин деңгейі жоғарылайды. Бұл өз кезегінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен атеросклероздың (артерияларда май жиналу) даму қаупін арттырады.
Қан қысымы жоғарылайды. Майдың құрамында артерияларды тарылтатын қаныққан майлар бар, бұл қан ағымын қиындатады және қан қысымын жоғарылатуы мүмкін.
Артық салмақ қосылады. Майдың құрамындағы жоғары калория мөлшері артық салмақтың жиналуына оңай әсер етеді.
Қабыну. Сары майдың құрамында қабыну процесімен байланысы бар қаныққан майлар мен арахидон қышқылы бар. Ал бұл созылмалы аурулардың қаупін арттыруы ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін сары май денсаулыққа пайдалы болуы үшін күніне қанша мөлшер жеу керегі хабарланған болатын.
Сары май құрамында көмірсулар жоқ, бірақ ол май қышқылдарына және кальций, магний, натрий, калий, фосфор, сондай-ақ A, E, B2, B6, PP және D дәрумендері секілді ағзаға қажетті басқа элементтерге бай. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қаныққан майдың күнделікті мөлшері диетадағы калорияның 10 пайызын алуы керек, ол тәулігіне 15-25 грамм сары май.
Тағы да оқи отырыңыздар: Оразада туған балаға қойылатын есімдер
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә