- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрлігінің...
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Шымкентте қымбат мейрамханада жүр: тексеріс басталды
Шымкеттегі облыстық денсаулық сақтау басқармасы блогердің жазбасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.
Басылым мәліметінше, блогер және журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тоғыз қызметкері Шымкентте қымбат мейрамханада жүрген фотосын жариялаған болатын.
"Шымкенттің денсаулық сақтау саласында ДСМ өкілдерінің сапары төңірегінде жанжал шықты. Әлеуметтік желіде елордадан келген қонақтардың қымбат мейрамханада жүрген фотолары тарады. Логикалық сұрақ туындайды - Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері тексеруге келген адамдармен бірге тамақтана ала ма?", - деп жазады Козачков.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы бұл суреттердің 20 шілдеде түсірілгенін айтты.
Г. Досымшалова"Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары Шымкентке жағдайды зерттеп, қаладағы медициналық ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету үшін келді, тексеру үшін келген жоқ. Түскі ас кезінде министрлік пен медициналық ұйымдардағы әріптестер қаладағы дәмханалардың бірінде бірге тамақтанды. Әр адам түскі астың ақысын өзі төледі", - делінген хабарламада.