Мемлекеттік аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің және оған қарасты ұйымдардың лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты ұйымдар азаматтарды, ауруханаларды дәрі-дәрмек, медициналық өнімдермен қаншалық қамтамасыз еткенін тексерген.
Анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктер негізінде мына тұлғаларға түрлі тәртіптік жаза қолданылды:
Сондай-ақ, биыл 3 шілдедегі бұйрықпен "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік аудиттен кейін білім беру саласындағы лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!